Ол оранып, тұмшаланып алатын қыз-келіншектерді де сынап тастады. Жазушы хиджаб киюді ұлтқа қарсы жасалған қастандық деп санайды.
Марқұм Мұхтар Мағауин рамазан айында да ораза ұстамаған. Ораза өзінің жазушылық өнеріне бөгет болады деп ойлағандықтан ешқашан ауыз бекітпеген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазушы, өзінің ұлтына деген, әлемге деген көзқарасы 18-19 жасымда қалыптасып болғанын да айтты. Мағауин әлем әдебиетін 20 жасына дейін оқып тастаған.
«18-19 жаста көзқарасым болды. 20 жасымда азамат реттінде қалыптасып болдым деп ойлаймын. Кейінгі үлкен шығармаларына жоспарды сол кезде жазып қойғанмын. Көзқарасым ешқашан өзгерген емес. Дүние көзқарас, дінге көзқарас, ұлттық мәселеге көзқарас 20 жасымда тұрақтады», - деді Мағауин.
Жазушы сұхбатында қазақтың ұлы ақыны Абайдың намаз оқымағанын жеткізді. Ол оранып, тұмшаланып алатын қыз-келіншектерді де сынап тастады. Жазушы хиджаб киюді ұлтқа қарсы жасалған қастандық деп санайды.
«Дін деген жүректе болу керек. Мен намаз оқымаймын. Абай атам да намаз оқымаған, дін жүрегіңде болса болғаны. Қазіргі әйелдердің хиджаб кигені ұлтқа қайшы нәрсе. Мен ойлаймын сүнет, уәжіп, парыз дегенің өзі шартты нарсе. Бір парыз қажыға бару, қажыға да барған жоқпын, мақтанғаным емес шындық, намаз оқымаймын, ораза ұстамаймын.Үйдегі әжеміз сосын балалардын өзі ораза ұстап жаттады.
Менің оразам қағаз бетінде болады. Енді бір ай ораза ұстасаң, бір ай жазудан қалдың деген сөз. Аш отырып жаза алмайсың ғой. Мен өзімді мұсылман деп санаймын», - деген жазушы өзінің соңғы сұхбатында.
Жазушы әруаққа сену мен оларды құрметтеу исламға қайшы емес деп санайды.
«Сонымен қатар бұрынғы тәңірді де теріске шығармаймын. Ата-бабамыз сонымен келді. Әруаққа сену - исламға қайшы емес. Әруақ жоқ болса - қазақ та жоқ. Әруақ деген - қазақтын рухы. Дін халықтың өміріндегі ең маңызды мәселе емес.
Дін апиын, аз ғана болса ол пайда, көп болса ол наркотик. Әсіре діншілдікті қазақ ешқашан қолдаған жоқ. Керек десеңіз Абайдан бастап Сұлтан Махмұттардың кезінде дінге қарсылық болды, қазақ дінге беріліп кетті деп. Дін түнек. Дін соқырлық деген ұғым болды. Әрине дін керек бірақ фанатик болып кету деген емес, қазақты теріске шығару деген сөз емес», - деді жазушы.