03.02.2025, 16:40

Қазақстан халқының саны қаншаға көбейгені белгілі болды

Фото: sputnik.kz

Қала халқының саны 12 774 743 адам болса, ауылдық жерлерде 7 511 341 адам тұрады.

Ұлттық статистика бюросы бір жылда қазақстандықтардың саны көбейгенін мәлімдеді. Бюро әр өңірдегі нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 286 084 адам тұрады. Бір жылда қазақстандықтардың саны 252 242 адамға өсті.

Қала халқының саны 12 774 743 адам болса, ауылдық жерлерде 7 511 341 адам тұрады.

Халық тығыз орналасқан облыстарға келсек, олардың қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы бар. Қала мен облыста сәйкесінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.

Соңғы мәліметтер бойынша, ел астанасында 1 528 887 адам тұрады. Қазақстанның үшінші қаласы Шымкентте 1 256 263 адам тұрады.

Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 желтоқсанда 20 265 320 адам болды, оның ішінде: қала тұрғындары – 12 751 309 адам; ауыл тұрғындары – 7 514 011 адам.