Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот өтті, бірақ іс қаралмады.
Әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот өтті, бірақ іс қаралмады.
"Сот отырысы өтті, бірақ іс қаралмай, басқа уақытқа шегерілді. Сот жабық өткендіктен, отырыстың неліктен кейінге шегерілгенін білмейміз", – делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.