$ 520.27  537.65  5.24

Қазақстанда жарық бағасы бірден 20 пайызға қымбаттады

Бұл өзгерістердің нәтижесінде қарапайым тұтынушылар электр қуатының әр киловаты үшін екі теңге артық төлейді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

1 ақпаннан бастап елімізде жарық бағасы 20 пайызға артты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметі бойынша, елімізде жалпы 36 электр станциясы тарифті көтерді.

«Түпкілікті тарифті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді. Біз қазір тарифті қабылдадық, әрі қарай энергия жеткізуші ұйымдар өз өтініштерін береді, сосын Ұлттық экономика министрлігі әріптестерімен бірге жаңа тарифті бекітеді», – дейді Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің бас сарапшысы Жанарыс Мұсаханұлы.

Бұл өзгерістердің нәтижесінде қарапайым тұтынушылар электр қуатының әр киловаты үшін екі теңге артық төлейді. Тарифтің өсуіне қызметкерлердің жалақыларының көтерілуі, көмір мен газ бағасының өсуі және станцияларды жаңарту жұмыстары себеп болған. Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ТМД елдерінде электр энергиясы, газ және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат екенін атап өтті. Ол тарифтер нарық талабына сәйкес болмаса, электр энергиясы, жылу және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін болмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары