$ 515.97  537.8  5.25

Әйел күйеуін бүйрегін сатуға көндіріп, түскен ақшаны алып көңілдесіне қашып кеткен

Ол бұл қаражат қызының болашағы үшін қажет деп сендірген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тұратын әйел күйеуінің қаражатын қолды қылып, көңілдесіне қашып кеткен. Бұл туралы Hindustan Times басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Nur.kz мәліметінше, әйел күйеуін бүйрегін сатып, қаражат табуға көндірген. Ол бұл қаражат қызының болашағы үшін қажет деп сендірген. Әйелінің сөзіне көнген ер адам бір жыл ішінде бүйрегін 1 млн рупийге сатып жібереді. Алайда әйел қаражатты айтқанындай қызының болашағына, оқуы мен тойына жұмсаудың орнына, көңілдесіне алып баруды ұйғарған. Белгілі болғандай, әйел желіде суретші жігітпен танысып, онымен бірге қашып кету үшін қаражат іздеген.

Ақыры қаражатты күйеуін алдап, бүйрегін саттыру арқылы табуды жөн көріпті. Өз жары тақырға отырғызып кеткенін түсінген азамат полицейлерге жүгініп, жары мен көңілдесі жасырынған үйді тауып алады. Ол әйелін қайтарып аламын деген үмітпен он жасар қызын, тіпті өз ата-анасын алып, сол үйге барады. Десе де әйел күйеуінің де, қызының да, ата-енесінің да сөзіне құлақ аспай, олармен сөйлесуден бас тартып, ажырасуды қалайтынын кесіп айтады.

Ер адамның қаражатты әйелінен қайтара алған-алмағаны белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары