06.02.2025, 08:30

Алдағы күндері -35°-қа дейін күн суытуы мүмкін

Фото: freepik

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтілуде.

Келесі үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райын қалыптастырады, аздаған қармен бірге төменгі бұрқасын күтіледі, ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжануда.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтілуде.

Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде –10-15°C, солтүстік-батыста –17-25°C, солтүстікте, орталықта –17-28°C, шығыс аймақтарында –18-35°C дейін төмендеуі күтілуде.