06.02.2025, 14:00

Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Фото: Жоғарғы сот

Қосымша мәлімет бойынша, Бишімбаевтың жазаны өтеу барысында бір тәртіп бұзушылығы болған, сондықтан оған көтермелеу берілмеген.

Экс-шенеунік Бишімбаев мекеме әкімшілігіне қатысты сотқа арызданды. Ол өз өтінішінде оған заңды түрде көтермелеу шарасының берілмегенін айтып шағымданды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

«Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жазасын өтеуші тәртіп бұзған жағдайда оған ешқандай көтермелеу шарасы қолданылмайды», – деп түсіндірілді хабарламада.

Қосымша мәлімет бойынша, Бишімбаевтың жазаны өтеу барысында бір тәртіп бұзушылығы болған, сондықтан оған көтермелеу берілмеген.

Алайда сот оның талап-арызын қанағаттандырмады.