Баланың қолы шығып кетті, оған алғашқы медициналық көмек неге жасалмады?
Балабақшада бір қасықпен сегіз бала тамақ жейді. Осылай деп Ақтаудағы балабақшалардың біріне баласы баратын әйел шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы Шығыс-2-де орналасқан «Жібек жолы» балабақшасында бүлдіршіндерге дұрыс жағдай жасалмаған. Тіпті ұжым қызметкері балаларды бір қолымен қалай болса, солай жұлқып көтерген. Тіпті бір кішкентай қыздың қолы шығып кеткен, деп жазады Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Балабақшадағы қызметкерлердің жұмысына шағымданған ананың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Оқырман Шығыс-2-де орналасқан «Жібек жолы» балабақшасына шағымдануда. Балабақша гигиенасына сұрақтар туындайды:
- видеода бірнеше балаға бір қасықпен тамақ береді (бәлкім содан баласында стоматит пайда болды);
- бір салфеткамен барлығының бетін(мүмкін мұрнын) тазалайды (бәлкім осыған ұқсас қылықтар конъюнктивит ауруына алып келді?);
- балалардың қасында бөлме сыпыруға болады ма?
Сонымен қатар оқырманда балабақша қызметкерінің жұмысына сұрақтары бар. Баланың қолы шығып кетті, оған алғашқы медициналық көмек неге жасалмады?
Шығыс-2 емес, Басқұдық», - делінген желіде тараған видеоның сипаттамасында.