06.02.2025, 18:40

«Міндетті вакцинация»: Меккеге баратындарға жаңа талап қойылмақ

Фото: Академия Медина

Қажылар енді не істеуі керек?

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап Сауд Арабиясы барлық шетелдікке, соның ішінде қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтарға менингококк инфекциясына қарсы міндетті вакцинация енгізіп отыр. Жаңа ережелер арнайы умра визасының иелеріне де, визаның басқа түрлеріне ие туристерге де қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа талаптарға сәйкес қажыларда мына вакцинация сертификаттарының бірі болуы керек:

кейінгі үш жылда және келгенге дейін кемінде 10 күн бұрын жасалған төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцинасы; кейінгі бес жыл ішінде немесе келгенге дейін кемінде 10 күн бұрын алынған төрт валентті (ACYW-135) конъюгацияланған вакцина. Жеке медициналық орталықтарда вакцинацияға алдын ала жазылу ұсынылады. Сертификат Сауд Арабиясының талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (ACYW-135 вакцинасы болуы қажет және мерзімдерді сақтау керек). Қосымша ақпарат алу үшін Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын қарауға болады.

Айта кетейік, менингококк инфекциясы - қауіпті ауру, ол ауа тамшылары арқылы таралады және мүгедектікке дейінгі ауыр асқынуға әкеп соғады. Қажылық кезінде көп адам жиналған уақытта инфекция қаупі едәуір артады.