Фотограф Әйгерім Әбжан Мұхтар Шахановтың «Бейбітшілік» тақырыбындағы суреттерін жариялады.
Ақын Мұхтар Шахановтың жаңа фотосессиясы желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фотограф Әйгерім Әбжан Мұхтар Шахановтың «Бейбітшілік» тақырыбындағы суреттерін жариялады.
«Фотосессияның концепциясы өте мықты шыққан. Қызыл түстен бастап, гүлдерге дейін әрбір деталь терең мағына береді. Ағаш трибуна – Желтоқсан рухының беріктігі мен шындықтың символы секілді. Бұл тек визуалды образ емес, шынайы тарихи және рухани мәні бар жұмыс. Жоғары деңгейде ойластырылған», — деп жазған оқырман.