07.02.2025, 19:20

«Кішкентай патриот»: 2 жасар бүлдіршіннің әнұранға құрметі көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Жаным, ұйқысын қиып тұру әркімнің қолынан келе бермейді, елім деп соққан жүрегіңнен айналдық.

Әлеуметтік желіде әнұранға құрмет көрсеткен кішкентай патриот қыздың әрекеті жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде әнұранның дауысын ести сала ұйқысынан тұрып, құрмет көрсеткен бүлдіршіннің жазбасы тарады. Кадрдан оның ұйқысынан толық оянбаса да, елінің символына шынайы құрмет көрсететінін көруге болады.

2 жастағы Медина балабақшаға барады екен. Видеоны таңертең анасы түсірген көрінеді.

"Ұйқысын аша алмай тұрса да, патриот өзі", - деп жазылған видеода.

Желі қолданушылары да бүлдіршіннің іс-әрекетіне сүйсініп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Ботақаным, тәтті-ақ өзі", "Кішкентай жүрегіңнен", "Жаным, ұйқысын қиып тұру әркімнің қолынан келе бермейді, елім деп соққан жүрегіңнен айналдық", "Ой, алтыным! Отан сүйетін ұрпақ өсіп келе жатыр!", "Елім деген құйтақандай жүрегіңнен сол", "Жаным әнұранды түсінген түріңнен айналдым", - деп жазған олар.