Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады.
8 ақпанда синоптиктер елдің барлық аумағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласында 8 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні түнде 15-18 м/с жетеді.
8 ақпанда Абай облысының солтүстігін, оңтүстігін, орталығын тұман басады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетпек.
Ертең Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.
8-10 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Ертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің екпіні 15-20, Мұғалжар ауданында жел екпіні 23-28 м/с дейін жетпек.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.
Ертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұманды болмақ.
Жамбыл облысының оңтүстігін, таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетпек.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.
8 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күн райы тұманды болмақ.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігін тұман басады деп болжанып отыр.
8-9 ақпанда Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда жаңбыр жауады, сол себепті өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.