$ 510.49  527.29  5.27

Қызылорда облысында төбелестен мектеп оқушысы көз жұмды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Фото: tvc.ru
Фото: tvc.ru

Қызылорда облысында жасөспірімдердің төбелесі салдарынан мектеп оқушысы өліп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 жастағы жасөспірім 9-сынып оқушысын ұрып-соғып, салдарынан оқушы қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растап, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген ведомство мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары