$ 506.43  522.43  5.28

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Фото: gazeta.ua
Фото: gazeta.ua

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні болған. Audi көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, ағашқа соғылған. Соның салдарынан:

  • Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты;
  • Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда жол апатының себептері анықталуда. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары