$ 506.43  522.43  5.28

«Келінді дамытқан дұрыс»: Белгілі коуч әйелдерді біржола үй шаруасынан бас тартуға шақырды (ВИДЕО)

Бізден ақылды олар. 

Фото: Instagram/ kaldykyz_zhapparkyzy
Фото: Instagram/ kaldykyz_zhapparkyzy

Танымал коуч, көпке өзінің қиын өмірімен танымал болған Қалдыгүл жас келіндерге үй шаруасымен айналыспауға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше қазір бәрі бар, сол себепті әйел адамдар барынша дамуы тиіс.

Қалдыгүл Жаппарқызы жас келіндерге дамуға барынша мүмкіндік беру керек екенін айтты. 

«Айту ұят, бірақ дегенмен де айтайын, мен әйел затының өзін дамытып, дамығаны жақсы деп ойлаймын. Біздің кезімізде отыр десе отырдық, тұр десе тұрдық, отырған опақ, тұрсаң сопақ деген нәрсеге көндік. Ал қазіргі жастар оған көнбейді.

Бізден ақылды олар. Жас келінді дамытқан дұрыс. Қазір үй сыпырып, пол жуу проблема емес қой. Қазір стиральная машинаға саласың, жуып қоя салады. Ол керек емес, керісінше әйел затын, келінді дамытқан дұрыс. Онымен ұрысып, өршілесіп отырғаннан гөрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары