$ 506.43  522.43  5.28

Қазақстандықтар орта есеппен қанша табыс табатыны белгілі болды

Орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында байқалды.

Фото: canva
Фото: canva

2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы – 308 717 теңге, ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда атаулы жалақы – 434 982 теңге. 2023 жылға қарағанда өсім 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

4-тоқсанда жалақы жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен көбейеді.

орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында байқалды, 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 32,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 22,7%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3% көбейді. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 7,6%, білім беру саласында орташа айлық жалақы 5% өсті.

Бір жылда орташа айлық атаулы жалақы Алматы мен Шымкентте ең көп өсті. Алматы мен Шымкентте –13,6%, Қарағанды облысында – 13,2%, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9% және Ақтөбе облысында – 12,6%.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас – 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары