Қазақ жүр соларға құл болып, айлығы шайлығына жетпей, айыппұл мен салықтан көз ашпай...
Белгілі журналист әлеуметтік желідегі парақшасында былтыр Сайрам ауданында болған сұмдық оқиға туралы видео жариялады. Әлгі видеодан бірнеше ер адамның жанжалдасқаны байқалады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Бандиттер ме, сақалиттер ме, не пәле? Не де болса, жүрген жерінде әңгіртаяқ ойнатып үйреніп қалғандар ғой.
Әкімдер, мешеу мемшенеуніктер кабинеттерінде компьютер ойнап, порнуха көріп отыра берсін, бандиттер білгенін істеп жүре берсін, екеуі бірігіп халықты тонасын деген 30 жылдық системаның бұл да бір көрінісі.
Оңтүстікте өзбекбайлар құдай, солтүстікте орысбайлар құдай, шығыста қытайбайлар құдай, батыста сақалбайлар құдай... ортасында араббай шейхтер жүр – жеріңді сатып алып, сарай салып, аэродром салып, аң аулап... Қазақ жүр соларға құл болып, айлығы шайлығына жетпей, айыппұл мен салықтан көз ашпай... Құлиеленушілік қоғамның сәбременный форматында өмір сүріп жатырмыз», - деп жазды журналист.