Прокурор не кнбшниктің баласына сөйтіп сөйлеп көрген мұғалім бар ма екен?
Әлеуметтік желіде белсенді педагог Жанар Сағынбай «мұғалімнің балаларына» көрсетілетін қысым туралы әңгіме өрбтті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, «мұғалімнің баласы» деп оқушыны бөлектеудің қажеті жоқ. Себебі ұстаздың алдында баланың бәрі бірдей.
«Мұғалімнің баласы... Бұл сөзді сырт адам айтса жарасады.
Неге мұғалімдер мұғалімнің баласын жүргізбейді? «Сен мұғалімнің баласысың, сөйлеме, қозғалма, жүгірме, күлме». Шектеулер өте көп.
Әріптесінен өшін алғысы келетіндердің сөзі ме? Бұрын солай болсыншы. Ал қазір замануи мұғалімге жараса ма?
Өз құқыңы мен міндетін білетін балаға шектен тыс шектеулер қою ұнамайды. Не анасына жұмыстан шық дейді, не мұғалімге өзінің құқығы туралы қарсы уәжін айтуға тура келеді. Педагог мәдениетінің көрсеткішінің бірі осы болса керек. Прокурор не кнбшниктің баласына сөйтіп сөйлеп көрген мұғалім бар ма екен?
Мұғалімнің баласы «тоқалдан туған жоқ». Бірақ қазір тоқалдың баласы жақсы болар. @актуальное бұл мақала менің көптен ойымда жүрген нәрсе еді.
Әріптестер, өз балаңа тиіспе. Өйткені алдымыздағы баланың бәрі бірдей», - деп жазды ол.