$ 510.49  527.29  5.27

Үкімет қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды

Қазіргі таңда аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтін болса, заңды тұлғалар қолданыстағы жеңілдіктерге байланысты бюджетке салықтың тек 30%-ын төлейді. Жаңа механизм бойынша олар ҚҚС төлемейтін болады. 

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Үкімет қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерін 16% деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы аясында ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу мәселесін бизнес өкілдерімен талқылады.

"Біз келесі механизмді ұсынамыз: жалпы қосылған құн салығының мөлшері – 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС төлеуден толығымен босату, ал кейбір салалар үшін аралық мөлшерлеме – 10%. Осылайша, үкіметтің ұсынған мөлшерлемелері 16%, 10%, 0% және толық босату болып табылады", – деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Қазіргі таңда аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтін болса, заңды тұлғалар қолданыстағы жеңілдіктерге байланысты бюджетке салықтың тек 30%-ын төлейді. Жаңа механизм бойынша олар ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етіп шығаруға мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалар әлі де бизнес өкілдерімен талқылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары