12.02.2025, 12:00

Жамбылда полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Фото: ПД/zhambyl_police

Қайғылы жағдай 11 ақпан күні болған. 

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 11 ақпан күні кешкі сағат 19:40-та Алматы – Ташкент тас жолының 203-ші шақырымында болған.

Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған патрульдік полиция көлігіне соғылған.

«Жол апатынан екі полиция қызметкері түрлі жарақат алып, Қордай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жамбыл облысының Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 11 ақпанда аурухананың реанимациялық бөлімшесінде көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Аға лейтенант Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдан бастап жұмыс істеген.