$ 502.47  525.83  5.68

«Зомби қылсаң...»: Исламтанушы Мұхтар Мағауинның «дін апиын» деген сөзін «тәпсірледі»

 Дін деген қараңғылық. Әсіре діншілдіктің түкке керегі жоқ.

Фото: Abai Live арнасындағы видеодан алынды
Фото: Abai Live арнасындағы видеодан алынды

Бұдан біраз уақыт бұрын жазушы Мұхтар Мағауинның «Дін – апиын. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай ұғынамын. 19 ғасырдағы қазақ зиялылары оқығандары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы күрес жасап, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіре діншілдіктің түкке керегі жоқ» деген пікірі тараған еді. Енді қаламгердің осы сөзіне байланысты ҚМДБ басшысының кеңесшісі, бөлім басшысы Смайыл Сейітбеков жауап берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Abay Live» Youtube арнасына берген сұхбаты барысында әңгіме өрбітті.

«Тәңіршілдіктің болғанын ғылыми түрде мойындаймыз. Тәңірге сенгенін мойындаймыз. Ғылыми тұрғыда бар, ата-бабамыз сонымен келді. Ал бірақ Ислам дінін қабылдағаннан кейін барып тәңіршілдік наным-сенімді ата-бабамыз ұстанған жоқ. Бірақ ол кездегі дәстүрлері Исламменен боялып, Исламға кірді. Екіншіден, бір адам екі дінді бір мезетте ұстай алмайды. Үшіншіден, дін апиын деген нәрсеге келісе алмайтын дүнием біреу. Менің жеке пікірім дінді зомби қылатын болсаң, дін апиын болады. Оны дұрыс түсінбей, оны басқа бағытқа бағыттасаң, онда сол кезде айтсаң болады. Ислам діні ешкімнің санасын уламайды, ағымдар улайды», — деп жауап берді дін қызметкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары