Салдарынан бір адам жеңіл қол жарақатын алған.
«Астана» станциясының сұрыптау паркінің 12-ші жолында пойызбен жеткізілген контейнерде жарылыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салдарынан бір адам жеңіл қол жарақатын алған. Көз жұмғандар жоқ. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Оқиға орнына департамент басшылығы дереу жетті. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел топ құрылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда", - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Қайбар.
Бұған дейін төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.