$ 502.47  525.83  5.68

Шымкентте лифтіде бір топ адам ер кісіні аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте бір топ адам лифтіде ер кісіні аяусыз соққыға жықты. Оқиға "Отау Сити" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кадрларда бес адамның ішке кіріп, жәбірленушіні ұрып, сосын оны сыртқа сүйреп шыққанын көруге болады.

Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қатысы барлар анықталып, полицияға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары