14.02.2025, 23:30

Келесі Қысқы Азия ойындары қайда өтетіні белгілі болды

Фото: Нұрғали Жұмағазы/inform.kz

Биыл Қазақстан құрамасы Харбин Қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медаль жеңіп алып, жалпы есеп бойынша төртінші орынға жайғасты. 

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында алауы тұтанған Қысқы Азия ойындары аяқталды. Енді келесі дода өтетін ел анықталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен, Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтетін болып бекітілді.

Бұл туралы бүгін Харбин Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында белгілі болды. Аталған шарада Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға тапсырды.

Осылайша тұңғыш рет Қысқы Азия ойындары Батыс Азияда елінде өтпек.

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы Харбин Қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медаль жеңіп алып, жалпы есеп бойынша төртінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ерлер хоккей командасы Қытайдың Харбин қаласында өткен ІХ қысқы Азия ойындарында чемпион атанғанын хабарлағанбыз.