$ 505.15  550.31  5.89

«Басқалармен салыстырғанда елге көп үлес қосты»: Блогер қазақша білмейтін Дастан Сәтбаевты жақтады (ВИДЕО)

Елің үшін диванда жатып алып, сенің көки беретіндермен салыстырғанда әлдеқайда көп дүние жасасаң да олар сенің қателесіп, шалыс басқаныңды күтіп отырады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

“Челси” ойыншысы атанған футболшы Дастан Сәтпаев қазақ тілін білмегені үшін оңбай сынға қалды. Archibalt лақап атымен тамыл қазақстандық блогер Артур “Челси” ойыншысы атанған 16 жастағы  футболшыға араша түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер қазақ тілін білмейтін қазақтарды кешірмейтін қоғамды сынады. 

“Өкінішке қарай, бізде осылай қалыптасқан. Егер сен қазақ бола тұра ана тіліңде сөйлемесең, сенен бәрі теріс айналуға дайын. Елің үшін диванда жатып алып, сенің көки беретіндермен салыстырғанда әлдеқайда көп дүние жасасаң да олар сенің қателесіп, шалыс басқаныңды күтіп отырады. Неге, керісінше, қолдап, үйретіп, көмектеспеске? Бұл мен үшін ғана емес, 16 жасында ел имиджі үшін еңбек сіңірген Дастан үшін де үлкен мәселе”, – дейді ол.

Айтуынша, желі қолданушылары Дастанды да, өзін де тіл білмегені үшін жерде алып, жерге салып жатқан көрінеді. 

“Мен Қазақстан үшін көп нәрсе жасаған, бірақ негізінен орыс тілінде сөйлейтін шынайы патриоттарды көп білемін. Басқалармен салыстырғанда олар елге көп үлес қосты. Отанымызда әрқашанда тыныштық болсын, бастарымыз аман болсын, қай тілімен сөйлесек те, бір-бірімізге дос-бауыр болайық", – деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары