Олар некеге тұрғандарын растайтын куәліктерді де ұсынды.
Таразда екі жас әйел топтық зорлауға ұшырады. Айыпталушы ретінде үш ер адам танылып, барлығы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Prokadrykz телеграм каналының хабарлауынша, топтық зорлау 2023 жылдың қазан айында болған.
Айыптау нұсқасына сәйкес, қыздар туған күндерін тойлаған кафенің күзетшісі оларды үйге жеткізуді ұсынған. Қыздар келіскен. Кейін күзетші үш танысын шақырып, бәрі бірге қонақүйге барған, сол жерде қыздар зорлықтың құрбанына айналған.
Айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарды — олар күш қолданбағандарын, бәрі екі жақтың келісімімен болғанын мәлімдеді. Ал жәбірленушілер видеожазбаларды жариялау қаупімен жақындыққа мәжбүр болғандарын айтты.
Кейін қыздар шағымдарынан бас тартып, айыпталушыларды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Олар некеге тұрғандарын растайтын куәліктерді де ұсынды.
Алайда сот куәгерлердің айтқандарына, сараптама нәтижелеріне және басқа да дәлелдерге сүйене отырып, бұл қылмыстың адамдар тобы тарапынан жасалғанын және олардың жәбірленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланғанын анықтады. Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды.
Нәтижесінде, екі айыпталушы алты жылға бас бостандығынан айырылса, үшіншісі бес жылға сотталды. Олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.