$ 505.15  550.31  5.89

Астанадағы лифтіде пышақталған баланың беті бері қарады

Бүгін тігістер алынды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада дәрігер лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Емдеуші дәрігер Юсуп Гусейновтың айтуынша, беті пышақталған бүлдіршіннің жағдайы дұрысталып келе жатыр. 

"Бүгін тігістер алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, бала белсенді. Тексерістен кейін бүлдіршінді шығару туралы ойлануға болады", – деді "№ 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы" жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары