17.02.2025, 19:00

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты тергеу аяқталды

Фото: aikyn.kz

10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды.

Бас прокурор Берік Асылов 46 кеншінің өліміне әкелген Костенко көмір шахтасындағы апатты тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

“Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды”, – деп Берік Асылов Х парақшасында жазба жариялады.

Еске салсақ, былтыр 28 қазан сағат 2:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.