$ 502.89  527.03  5.71

Лифтіде жараланған 5 жасар Батыр ауруханадан шығарылады

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғмановтың айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Лифтте жасөспірім шабуылынан зардап шеккен 5 жасар Батыр ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғмановтың айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық.

«Бала шағым айтпайды, жағдайы тұрақты. Бүгін таңғышты ауыстыру кезінде тігілген жаралардың кейбір жерінен жіптер алынды. Жаралар тыныш, қабыну белгілері жоқ. Ертең шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Еске салсақ, 2010 жылы туған жасөспірім лифтіде 5 жасар баланың бетінен бірнеше рет пышақпен ұрған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары