18.02.2025, 10:40

Шахтадағы апат: үкіметтік комиссия құрылды

Фото: gov.kz

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.

Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.