Марқұмдардың ең жасы 26 жаста еді.
Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері үйінді астында қалды. Кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланды. Марқұмдардың ең жасы 26 жаста еді.
Қаза тапқан кеншілердің тізімі:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі; Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері; Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы; Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі; Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі; Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі; Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарі.