18.02.2025, 13:40

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауытының мүлкі мемлекетке қайтарылатын болды

Фото: kaztag.kz

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды. 

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкін заңсыз сату деректерін анықтаған.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 гектардан аса жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 болатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты", - делінген прокуратураның хабарламасынла.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды. 

Еске салсақ, бұған дейін зауыттың 31,9 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болған.