Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы кенішінде қаза тапқан жеті адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгін біз үшін орны толмас ауыр күн. «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері – біздің үлкен отбасымыз және әрқайсының өмірі біз үшін баға жетпес құндылық.
Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы.
Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біз барынша қолдау көрсетеміз.
Біз әріптестерімізді жадымыздан шығармаймыз. Олардың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.
Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.