18.02.2025, 18:20

«Орны толмас ауыр қайғы»: «Қазақмыс» шахтада қаза тапқан 7 кеншінің суретін жариялады

Фото: massaget.kz

Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы кенішінде қаза тапқан жеті адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Бүгін біз үшін орны толмас ауыр күн. «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері – біздің үлкен отбасымыз және әрқайсының өмірі біз үшін баға жетпес құндылық. Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біз барынша қолдау көрсетеміз. Біз әріптестерімізді жадымыздан шығармаймыз. Олардың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.

Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.