Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес "Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) және "Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады.
1. "Қостанай – РФ шекарасы (Троицке)" автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолы және "Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы" аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады.
ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны – 2 және 1 екі бағытта жолақ.
2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі.
Жүріп өту Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені –кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ.
Аркаларда орнатылған жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын тіркейді.
Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.
Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.
Алдын ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз.
Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:
Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны: