19.02.2025, 10:20

Қостанайда 3 жасар бала аязды күні анасын балконға қамап қойған (ВИДЕО)

Фото: yandex.kz

Абырой болғанда әйелдің өзімен бірге телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалды. 

Бала пәтерде ересектерсіз жалғыз қалып қойған, ал дәл осы уақытта пеште тамақ дайындалып жатқан еді. Егер анасы дер кезінде құтқарылмаса ол өрт тудыруы мүмкін болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қостанай қаласында Береке шағын ауданында анасы балконға шыққан кезде оның 3 жасар баласы ойнап жүріп, есікті іштен жауып тастаған. 

Абырой болғанда әйелдің өзімен бірге телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалды. Келген құтқарушылар жоғарыдағы пәтерден балконға түсіп, есікті ашты. 

— Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖМ қызметкерлері үш жасар баланы құтқарып, өрттің алдын алды, — делінген хабарламада.