19.02.2025, 14:00

«Дарын» білім беру орталығының бас есепшісі 50 млн теңге жымқырған

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.