Аталған факт бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақмола облысы Қараөткел ауылында жасөспірім қызды мектеп автобусы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна дерегінше, 19 ақпанда Қараөткелдегі IT-мектептің аумағында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған қыз баланы басып кеткен. Ақмола облыстық полиция департаментіндегілер телернаға зардап шеккен жасөспірім оқиға орнында қаза болғанын мәлім еткен. Аталған факт бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.