19.02.2025, 18:20

«Қай елден келді?»: Бөкейорда маңына белгісіз дрон құлаған

Фото: facebook/ОралПласт

Қазіргі таңда мамандар нысанның шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауда.

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында белгісіз ұшу аппаратына ұқсас нысан табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ozgeris.info-ға сілтеме жасап. 

18 ақпан күні сағат 23:10 шамасында Ұялы ауылдық округінің әкімдігіне жергілікті тұрғындар ауылдан 8 шақырым қашықтықта ерекше затты байқағандарын хабарлаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, табылған нысан ұзындығы 120 см болатын пилотсыз ұшу аппаратына ұқсайды. Жедел түрде оқиға орнына Ұялы ауылдық округінің полиция қызметкерлері жетті. Кейін олармен бірге аудан орталығы Сайхын ауылынан әкімдік, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да келді.

Қазіргі таңда мамандар нысанның шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауда. Тергеу жұмыстары жалғасуда, қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.

Редакция бұл жағдай бойынша ресми органдардың пікірін күтеді.

Тегтер: аппарат дрон