$ 502.47  525.83  5.68

Ұшақ рейстерін кешіктірген әуе компанияларына 40 млн теңге айыппұл салынды

Былтыр 14 әкімшілік айыппұл жазылған.

Фото: travelcrimea.com
Фото: travelcrimea.com

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе компанияларына салынған айыппұл сомасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Әрбір шағымдарға, әрбір өтінішке қатысты тергеу ашамыз. Былтыр 14 әкімшілік айыппұл шығарылды. Әуе компаниялары жазаға тартылды. Ең жиі тіркелетіні – рейстердің қалуы. Әуе компанияларының уақытында тамақ бермеуі, қонақ үй ұсынбауы сияқты фактілер анықталса, онда жауапкершілікке тартамыз. Оның ішінде ФлайАрыстан да бар. 40 млн теңге айыппұл салынған. Бірақ айыппұлдың сомасына емес, қоғамдық наразылыққа қарау керек. Айыппұлдың салынуы, медиаға шығуы әрбір әуекомпанияның атына, беделіне өте маңызды мәселе, олар оған мән береді», - деді Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Вице-министрдің сөзінше, министрлік әр жағдай бойынша жолаушылардың құқығын қорғайды.

Айта кету керек, осыған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов ұшақтардың кешігу жағдайлары әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен болатынын айтқанын жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары