19.02.2025, 23:30

Астанада театрдан өрт шығып, 3 адам уланып қалды (ВИДЕО

Фото: видео скриншот

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Астанадағы Жасөспірімдер музыкалық театры ғимаратының киім бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство таратқан ақпаратқа сай, ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарған.

"Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт орын алды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан ғимараттан 3 адамды құтқарды. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталып жатыр. Жану өнімдерімен улану белгілері бар үш адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді", - делінген хабарламада.