$ 502.47  525.83  5.68

«Әбіл» фильмі халықаралық марапатқа ие болды

Бұл туралы актер Ерлан Төлеутай әлеуметтік желдіе жазды.

Фото: Facebook Ерлан Төлеутай
Фото: Facebook Ерлан Төлеутай

Ақпанның 11 – 18 аралығында Франция мемлекетінде өткен 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде режиссер Елзат Ескендірдің "Әбіл" фильмі триумфуальды жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық фильм үш бірдей номинация бойынша мәртебелі марапатқа ие болып, фестиваль жеңімпазы атанды. Атап айтқанда:
* Jury Grand Prize (Гран-при жюри)
* Critical Jury Prize ( киносыншылар жүлдесі)
* NETPAC Jury Prize (Қазылар жүлдесі – NETPAC)

"Алғыс, саған, Везуль – қазақ киносын дүниежүзілік додаға қосқаның үшін "Әбілдің" бағын Самала жұлдыздай жаққаның үшін, Елзат Ескендірге әлемдік режиссер деп үкілі үміт таққаның үшін!  Дәуірлей бер, Везулім! Жайнай бер, жарқын қала, жасай бер шадыман шаһардың жасампаз жандары!", — деп жазды cүйінші жаңалығын бөліскен актер Е. Төлеутай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 34
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары