$ 502.47  525.83  5.68

«20 тонна ет тиелген»: СҚО-да фура аударылып қалды

Көлікті 55 жастағы Грузия азаматы жүргізіп келе жатқан.

Фото: СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында Астанадан ет әкеле жатқан Mercedes жүк көлігі жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Көкшетау-Рузаевка автожолының 111 км болды. Көлікті 55 жастағы Грузия азаматы жүргізіп келе жатқан.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспектор шетелдікке көмектесті. Олардың өтініші бойынша Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың бірі ауыр техника мен жұмысшыларын жіберді. Олар аударылған фураны жол үстіне сүйреп шығарды. Тәртіп сақшылары шетелдік сапарын жалғастырғанша дейін сол жерде болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Бір күннен кейін осы жолдың 140-шақырымында Рудный қаласының 41 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан HOWO жанармай құю көлігі жол шетіне түсіп кеткен. Жанғыш зат төгілген жоқ. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары