$ 502.47  525.83  5.68

«Ит атқыштар қайда?»: Атырауда ит аулайтын мекеме табылмай жатыр

Қала бойынша қаңғыбас иттерді аулауға 42 млн теңге бөлінген. 

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Атырауда ит аулайтын мекеме табылмай жатыр. Ал өңірде қаңғыбас иттерге қатысты жағдай ушығып барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Ақ Жайық» басылымының дерегінше, Балықшы ықшауданының тұрғындары топтасқан қаңғыбас иттер Ахмедияров көшесіндегі №16 үйдің алдын мекендеп алғанын айтады. Түнде подьездге кіріп, төбелесіп ұйықтатпайды, деп шағымданса, Жұмыскер тұрғындары иесіз иттер балаларға шауып жатқанын жазуда.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Атырау қаласы бойынша иесіз иттерді аулауға тендер жарияланғанымен, әлі де мердігер анықталмаған.

«Қазіргі кезде Исатай, Индер, Махамбет, Мақат, Құрманғазы аудандары бойынша жеңімпаз анықталып, ит аулау жұмыстары басталды», - деді басқармадан. 

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандары бойынша қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын «Forward Star» ЖШС ұтып алған. Ал, Мақат ауданындағы жұмыстарды «Green Qurlys Qyzmet» ЖШС атқарады. Қызылқоға мен Жылыой ауданы бойынша ешкім қызығушылық танытпаған. Ал Атырау қаласы бойынша ақпан айының басында екінші рет конкурсқа шығарылды. Қала бойынша қаңғыбас иттерді аулауға 42 млн теңге бөлінген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары