$ 502.47  525.83  5.68

Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім оқшауланбайтын болды

Тағайындалған емнің өз әсері болды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астана лифтінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің ісі бойынша қызметтік тергеу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, психикалық ауруы бар балалардың қамқоршылары оларды үнемі бақылауда ұстауға міндетті.

"Емдеуді бақылайтын және жүргізетіндер тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар жоқ. Тағайындалған емнің өз әсері болды. Бұл ауруханаға жатқызу кезінде бірнеше рет расталды", - деді Нұрлыбаев.

Сонымен қатар ол емдеу тиімді болғандықтан жасөспірімнің оқшауланатын топқа жатпайтынын атап өтті.

"Егер емдеу тиімді болғандықтан және бұл бірнеше рет дәлелдегендітен ол әлеуметпен араласа алады", — деді вице-министр.

Сондай-ақ, Нұрлыбаев осындай диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды стигматизациялаудан сақтауды сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары