$ 502.47  525.83  5.68

Павлодарда ішімдікке тойып алған мектеп күзетшісі оқушыны аяусыз ұрып тастаған

Оқушыны кеудесінен ұрған мас күзетшіге әкімшілік іс қозғалды. 

Фото: Костанайские новости
Фото: Костанайские новости

Павлодарда мектеп күзетшісі мас болып 6-сынып оқушысын ұрып тастаған. Полиция күзетшінің мас болғаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқушыны кеудесінен ұрған мас күзетшіге әкімшілік іс қозғалды. 

Оқиға кезінде куәгерлер дереу полицияға қоңырау шалған. Кейін шабуылдаушы дереу медициналық айықтырғышқа жіберілді.

"Қоғамдық орында мас болғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұл салынды", — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері Білім басқармасынан мас күзетшіні жұмысқа жібергені үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары