20.02.2025, 16:20

Мемлекеттік кірістер комитеті «салықтан жалтарған блогерлердің» тізіміне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: KP.kz

Ведомствоның мәліметінше, желіде тараған тізім ресми құжат емес. 

Мемлекеттік кірістер комитеті “борышкер блогерлердің” тізімі мен олардың әлеуметтік желіде тараған болжамды кірісі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, желіде тараған тізім ресми құжат емес. Сондай-ақ оның жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоғын айтты.

“Әлеуметтік желіде тараған тізім салықтық бақылау жүргізетін мемлекеттік кірістер органының актісі емес”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін желіде салықтан жалтарған отандық блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің тізімі тараған.