Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.
Елімізде блогерлерге жіберілген салық төлеу туралы хабарлама қате болып шықты. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- 2025 жылғы 19 ақпанда 594 блогерге жіберілген 53,3 млрд теңгенің 1 014 салық хабарламаның ішінде жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылды. Оның себебі хабарламаны жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақау шықты, - деп түсіндіреді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Осылайша кірістер комитеті блогерлерге салық хабарламасын қайта қарап жатыр.