2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында көпбалалы аналар саны – 67 741 құраған.
Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.
2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында көпбалалы аналар саны – 67 741 құраған. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар саны – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936.