$ 502.47  525.83  5.68

«Жүргізуші рөлге ие бола алмаған»: Астанада автобус апатқа ұшырап, жолаушылар жарақат алды (ВИДЕО)

Зардап шеккендер бар.

Фото: Astanovka98
Фото: Astanovka98

Астанада Бараев көшесінде Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобус жарықтандыру бағанасына соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол - көлік оқиғасы кезінде салонда 25-ке жуық жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері анықталуда, тексеру жүргізілуде.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған», - деп хабарлады полиция.

«Жол апаты кезінде салонда шамамен 25 жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
 

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары